Русский Сайттың толық нұсқасы

2015 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінің шығыны 3,3 млрд. теңгеге оңтайландырылды

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 1231

2015 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінің шығыны 3,3 млрд. теңгеге оңтайландырылды. Қала әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шахар бюджеті 2015 жылы 434 млрд. 497 млн. теңгені құрады.

Маңызды құжат маслихаттың 25-ші сессиясында нақтыланды. Қала әкімінің сөзіне жүгінсек 2014 жылы Алматы қаласының дамуы жоспарланған көрсеткіштерге сай жүргізілді.

Сондай-ақ, әлемде орын алған экономикалық ахуалды ескере отырып, қалада "2015-2017 жылдарға арналған  жоспар бекітілді.

Мәслихат отырысы барысында негізгі бірнеше бағыт жүзеге асатын болды. Олардың қатарында Сәулет-құрылысты қадағалау, жер телімдерін қорғау  мәселелері бар.

Самат ҚАНАҒАТОВ