Русский Сайттың толық нұсқасы

Балқаш қаласының тұрғыны Әсем Шаяхметова ауруханада хал үстінде жатыр

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 1642

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағына байланысты жаңа деректер анықталып жатыр. Оқиға орнынан біздің Жамбыл облысындағы меншікті тілшіміздің хабарлауынша, әуе кемесі кеше 12 ден 9 минут кеткенде Балхаш қаласынан Шу ауданыңдағы Шатыркөл кенішіне бағыт алған.

Алайда, арада 3 сағат өткеннен кейін, 112 телефонына Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен аталмыш ұшақтың құлағаны туралы ақпар келіп түскен. Іле-шала іздестіру және құтқару жұмыстарына 100-ден астам адам мен ондаған техника жұмылдырылған.

Кешкі сағат 5 шамасында Ан-2 ұшағы кен орынының маңында қирап жатқан жерінде табылған. Кеме қаңқасының арасынан 6 адамның мәйіті табылды. Ал жетінші жолаушы, 29 жастағы Балқаш қаласының тұрғыны Әсем Шаяхметова ауруханада хал үстінде жатыр.

Дегенмен, дәрігерлер оның оңалып кетеріне үміт білдіріп отыр. Кейбір деректерге сүйенсек, құтқару қызметіне аман қалған жолаушының өзі телефон соққан.  Оқиға орнында құтқарушылар тобы мен Ішкі істер органдарының өкілдері жұмыс істеуде.

Бір дерек бойынша, оқиға болған уақытта ауа-райы күрт бұзылып айналаны көру нашарлаған. Алайда бұл ақпарат нақтыланбай отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ