Русский Сайттың толық нұсқасы

Майна Киаи мен ұйымның бір топ өкілі Астанаға ресми сапармен келді

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 1080

Біріккен ұлттар ұйымының Бейбіт жиналыстар және бірлесу құқығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Майна Киаи мен ұйымның бір топ өкілі Астанаға ресми сапармен келді.

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында құрметті қонақтар, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановпен және Ассамблеядан сайланған бір топ депутаттармен кездесті.

Қазақстанға алғаш келген Киаи мырза Сарыарқаның қатаң қысына бойын жылдам үйрету үшін бірінші Алматыға келіп түсіпті. Түрлі ұлт пен сан конфессияның тату тіршілігін қамтамасыз етіп отырған Ассамблеяның жұмысын ерекше атаған мейман, сөздік қорына алғаш қазақ сөзін қосыпты.

Майна Киаи, БҰҰ Бейбіт жиналыстар мен бірлесу құқығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашы:

Менің миссиямның басты мақсаты: адам құқықтарын қорғау бойынша жұмыстың күн тәртібін құрастыру және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру жолдарын қарау, яғни «алға» жылжуын қамтамасыз ету. Менің білуімше, бұл Қазақстандағы бір қоғамдық қозғалыстың атауы және ілгері жылжу дегенді білдіреді. Менің мақсатым да осы миссиямды алға жетелеу.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ