Русский Сайттың толық нұсқасы

Венесуэлада жаңа кәсіп пайда болды

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 1268

Венесуэлада жаңа кәсіп пайда болды. Мұндағы халық күні-түні дүкенге кезек алып жүр. Таң атпастан, күн ұзақ, қапырыққа қарамастан жұрт ұзын-сонар кезектен кетер емес. Биылғы дағдарыс  мұнай экспорттаушы ірі елді осындай тығырыққа тіреді.

Жұрт тек азық-түлік алу үшін ғана емес, кезектегі орнын сату үшін де кезекке тұрса керек. Пысықайлар ақшасын алып, қайтадан кезектен орын алып жатыр.

Айта өтейік,  Уго Чавес дүние салған соң елдегі экономика құрдымға кетті. Мұнай бағасының құлдырауы да жағдайды ушықтырып жіберді.

Салдарынан мемлекетте жұмыссыздық пен дефицит орны алды. Билік мемлекеттік тұрғындарға супермаркеттеден аптасына екі рет қана  тауар алуға рұқсат берген.

Ләззат ҚАЛИАҚПАРОВА