«Олимп
Эйр» әуе компаниясы жеке тапсырыстар бойынша қызмет еткен. Меншігінде 5 АН-2 ұшағы болған. Компания директоры Владимир Кручтың арнамызға бірген
түсініктемесінде ол: «Құлаған әуе көлігі 42 жыл қолданыста болғанымен, одан
қандай да бір техникалық кінәрат шығуы мүмкін емес», - дейді.
Владимир
Круч, «Олимп Эйр» ЖШС директоры:
Ұшақ
1973 жылы шығарылған. Керемет ұшақ, 2002 жылы күрделі жөндеуден өткізілген.
Штаттан тыс қандай бір кінәрат тапқан емеспіз. Бұл - аяқ астынан болған оқыс
оқиға.
Қаза
тапқан төрт жолаушы «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері екені мәлім. Бүгін
Қарағанды облысының әкімдігі қаза тапқандар отбасыларына материалдық көмек
көрсетілетінін мәлімдеді. Олардың бесеуі - Қарағанды тумалары.
Нұрмұхамбет
Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:
Апатта
қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Кешеден бері телефон
шалып, жай-күйлерін біліп жатырмыз. Ең бірінші жерлеу рәсімін өз мойнымызға
алдық.
Айжан ҚУАШ