Батыс
Қазақстан облысындағы Березовка ауылында тағы да бірнеше оқушы есінен танып
құлаған. Бұл туралы ауыл тұрғындары тілшілерімізге телефон арқылы хабарлады.
Дегенмен, қанша оқушының денсаулығы сыр бергені әзірге белгісіз. Өйткені бұл
туралы жауапты органдар тіс жарар емес. Ауыл тұрғындарының айтуынша, сабақ
үстінде оншақты баланың жағдайы нашарлаған. Ал Березовка ауылының әкімі Жұбаныш
Хайруллин нақты ештеңе айта алмады.
Жұбаныш
Хайруллин, Березовка ауылының әкімі:
- Ол енді алдында ауырған балалар ғой, солар
қайтадан ауырып қалып. - Алдында есінен
танып құлаған балалар?- Иә-иә.- Неше бала? - Оны бас дәрігер Байчеркешовке телефон шалыңыз, ол кісі айтып
береді. Мен өзім жаңа келіп отырмын.
Айта
кетелік, осыдан екі ай бұрын Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылының 28
оқушысы сабақ кезінде естен танып қалған еді. Күн өткен сайын ес-түссіз құлаған
балалардың қатары көбейіп, саулығы нашарлағандары шипажайға да жөнелтілді.
Бірақ емдеу орнында жағдай жоқ екендігін айтқан ата-аналар балаларын шипажайдан
кері алып кетуге мәжбүр болды. Ал күні кеше бұл ауылдың басқа жерге
көшірілмейтіні жалпақ жұртқа жарияланды. Арнайы комиссия ауылдағы
санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың қауіпті еместігі туралы қорытынды
шығарған.
Еркін КАРИН