Русский Сайттың толық нұсқасы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ҰОС ардагерлерін қолдау мақсатында 600 миллион теңге бөлді

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 896

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау мақсатында 600 миллион теңге бөлді. Бүгінде қор ардагерлер ұйымымен бірлесе отырып, арнайы меморандум жасасты. Құжат күшіне еніп, іске асты. Бұл жайында бүгін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» қорының өкілдері болса, әлемдегі дағдарысқа қарамастан, жергілікті атқарушы билік органдарымен бекітілген әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жұмыстары тоқтатылмайтынын хабарлады.

Өмірзақ Озғанбаев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Ардагерлер туралы президенттің көрсеткен үлгісін ат үстінде жүрген азаматтардың барлығы қолдап шықты. Ең бірінші болып қолдаған - «Самұрық-Қазына» басшылары. Ардагер ағаларға қол ұшын созып, көмек көрсетуге әрдайым дайын екендерін көрсетіп, ардагерлер кеңесімен бірлікте ортақ меморандумға қол қойды. 


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА