Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Еуропаның гравюралық топтамаларының ең жауһар туындылары экспозициясы өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 1994

Еуропаның гравюралық топтамаларының ең жауһар туындылары Алматыда. Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында тұңғыш рет кең көлемде ерекше кескіндегі өнер туындылары экспозициясы өтіп жатыр. Еуропадағы қайта өрлеу дәуірінде қыл қаламнан шыққан туындылардың жалпы саны 500-ден асады. Италия, неміс және голландиялық гравюра жанрының хас шеберлері қолынан шыққан түпнұсқаларды тамашлауға болады. Әрбір туындыға ерекше зер салып, мазмұнына үңілген жан ерекше әсер алады. Альбрехт Дюрер, Мартин Шонгауэр және Агостина Каррочилер гравюраны әйгілі кескіндеме өнерінің деңгейіне көтерді.

Гравюра - графика өнерінің бір түрі. Ол
- тақтаға бедерлеп салған суреттің қағазға түсірілген көшірмесі. Ағашқа ойыған алғашқы нұсқалары Қытайда 6 ғасырдың аяғында пайда болды. Ал Батыс Еуропада қайта өркендеу дәуірінде темірге түсірілген түрлері дамыды. Қазақ жеріне мұндай сурет өнері 20 ғасырдың ортасына қарай келген еді.

Мария Капелаевич, өнертанушы:

Батыс Еуропа гравюрасын қазақстандық көрме орындарына шығаруға әупірімдеп жүріп, әйтеуір қол жеткіздік. Біз көрмені «Дюреден Домьеге дейінгі Батыс Еуропа гравюрасы» деп атадық. Ол 15 ғасыр мен 19 ғасыр арасын қамтиды. Осы жанрды шарықтау шыңына көтерген сол еуропалық суретшілер болатын. 

Сейіт Түзелбекұлы, көрермен:

Неғұрлым сурет ертерек салынса, сол құрылым құны арта түсетіні - өмірдің заңдылығы. Оның құны артқан сайын, суретшінің де атағы асқатай түседі. Ғасырлар өтсе де, уақыт өткен сайын, оларға халықтың қызығушылығы арта түспекші.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ