Русский Сайттың толық нұсқасы

Қысқы және жазғы спорт түрлері федерацияларының жұмыс қорытындысы тыңдалды

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 3622

Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінде кеңейтілген жиын өтті. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен болған басқосуда қысқы және жазғы спорт түрлері федерацияларының жұмыс қорытындысы тыңдалды.

Мінбеге көтерілген федерация өкілдері жеткен жетістіктермен бірге осы күнге дейін шешімін таппай отырған бірқатар мәселелерді алға тартты. Баяндама жасағандардың басым бөлігі спорт нысандарының жетіспеушілігін, кадрлар мәселесін және бөлінетін қаржының аздығын тілге тиек етті. Әрине, жазғы спорт түрлерімен салыстырғанда, қысқы спорттағы жетістігіміз мәз емес. Осы мәселеге байланысты көпшілік алдына шыққан еліміздің шаңғы спорт түрлері қауымдастығы вице-президенті Владимир Смирнов былай деп жауап қатты.

Владимир Смирнов, ҚР шаңғы спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті:

Соңғы төрт жыл ішінде Азиадаға байланысты елімізде бірқатар спорт нысандары бой көтерді. Бірақ ұлттық құрама спортшылары сол кешендерде дайындалғанды былай қойып, келуге де қаражаттары жетпейді. Ол жердегі бағаның құны бізге бөлінетін қаржыдан анағұрлық артық. Сондықтан осы мәселені шешпей, ұлттық құрамаға жағдай жасамай, нәтиже келмейтіні белгілі.  

Самат ҚАНАҒАТОВ