Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай бағасының төмендеуінен, Ресейде оны өндіру мөлшері азаюы мүмкін

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2015
  • 754

«Мұнай бағасының төмендеуінен, Ресейде оны өндіру мөлшері азаюы мүмкін. Бұл туралы Давос форумында вице-премьер Аркадий Дворкович мәлімдеді»,- деп жазады «Ведомости». Оның ойынша, қара алтын бағасы бұрынғы қалпына жақын арада келе қоймайды.

Осыған қатысты билік түрлі амалдар ойластырып қойған. Дворкович:«Мәскеу қандай жағдай болмасын инвестициялық жобалар мен тиімсіз жәрдемақыларды азайтып бюджетін тұрақтандыра алады»,- деді.

Аркадий Дворкович, Ресей вице-премьері:

Бізде бюджет шығынын әлеуметтік саладан басқа барлық жерде қысқартуға мүмкіндік бар. Әскери шығындарды қысқартуға әзірге негіз жоқ. Армияны қаруланған, заманауи ету- өте маңызды. Бұл - шығындарды кейінге қалдырғанға қарағанда тиімдірек болады. Бірақ, екінші жағынан сыртқы саудада бәсекелестік жағынан импортты алмастырудың тиімді тұстары бар.

Еске салайық, Бүкіләлемдік экономикалық форумның тақырыбы-«Жаңа геосаяси контекст». Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, күн тәртібінде банк секторының ахуалы, мұнай бағасы және басқа да мәселелер қаралуда.

3000-ға жуық форум қатысушылары-әлемдік экономиканың жалпы стратегиясын жасауға тырысады. Дәстүр бойынша форум ең маңызды проблемаларды қамтыған.

Т. АМАНАЛИЕВА