Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік қызметкерлерді «А» корпусына қабылдау үшін оларды іріктеу тәртібін жетілдіру керек

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2015
  • 1295

Мемлекеттік қызметкерлерді «А» корпусына қабылдау үшін оларды іріктеу тәртібін жетілдіру керек. Бұл туралы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді.

Астанада мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстелде бірқатар маңызды жәйттер қаралды. Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, «тестілеудің бағдарламасы тым қиындатылған түрде өтеді.

Салдарынан тәжірибесі мол білікті мамандардың өзі тиісті балды жинай алмайды. Олардың сыннан өте алмауы жиі кездеседі». Осыған орай қолданыстағы тестілеу тәртібін қайта қарастыру  мәселесі туындап отыр.

Жаппай қабылдау осы корпустағы барлық лауазымдарды бірден ауыстыру қажеттігімен байланысты болған. «Енді негізгі мақсатқа қол жетіп басқарушылар құрамы жаңарған соң, кадрлық резервті құру қадамын өзгерткен дұрыс болар еді»,-деді Қайрат Қожамжаров.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

Заңды білу бойынша тестілеу нәтижесі конкурстық іріктеудің соңғы кезеңінде назарға алынуы тиіс. Яғни кандидаттардың кәсіби-тұлғалық қабілеті ескерілетін және комиссияның соңғы шешімі шығарылатын кезде. Агенттік «А» басқарушылық корпусына іріктеу тәртібін жетілдіруді ұсынады.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА