Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да мектеп-гимназиясының 30-ға жуық оқушысы астан уланды

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2015
  • 1317

Батыс Қазақстан облысында тағы да оқушылар уланды. Бұл жолы облыстың Қаратөбе ауданындағы мектеп-гимназиясының 30-ға жуық оқушысы астан уланған. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат Әбуов арнамыз берген сұқбатында бұл ақпаратты растады.Оның айтуынша, кеше түнгі сағат 11-лер шамасында гимназияның 10 оқушысы іштері ауырғанын айтып шағымданған. Ал бүгін тағы 16 оқушы осындай шағыммен ауруханаға жеткізілді.

Жас шамасы 11 мен 16 аралығындағы балаларға «тамақтан уланған» деген диагноз қойылған. Дәрігерлердің сөзінше, балалардың жағдайы орташа, қазір ем-дом қабылдау үстінде. Ал бүгін бактериологтар мен санитар дәрігерлер, инфекционистерден құралған арнайы топ ауданға аттанды.

Қайрат Әбуов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

Қазір мектептегі жағдай толық бақылауға алынды. Осы гимназияда оқитын 255 оқушының барлығы да жіті тексерілетін болады. Қазір олардан қажетті сынамалар алынуда. Оқушылардың өміріне ешқандай қатер төніп тұрған жоқ.

Еркін КАРИН