Бұқаралық
ақпарат құралдары парламенттік сайлау барысында өз себептерімен сайлауалды үгіт
шараларын өткізбеген партияны көрсетпеуге құқылы. Бұл туралы бүгін
Орталық сайлау комиссиясының БАҚ өкілдеріне арнайы өткізген семинары барысында
айтылды. Саяси партиялар үгіт жұмыстарын құрған қор қаражатына сәйкес
жүргізеді. Оның рұқсатты ең жоғары көлемі 342 миллион 885 мың теңге.
Ләззат
Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Бір
партия белсенді жүргізуі мүмкін, күніне бірнеше шара. Бір партия шара өткізбеуі
мүмкін. Сондықтан сол күні бар шараны тең жағдайда көрсетулеріңіз керек. Екі
партия болады ма, алты партия болады ма. Сондықтан да бұл партияның өзінің
сайлауалды жоспарына байланысты іске асырылады. Ал ақпарат құралы тек қана сол
жерде бірдей деңгейде бар шараларды тең жағдайда көрсетуге міндетті. Бір партия
болмай қалды деп, ол сіздің проблемаңыз емес қой. Ол партияның үгіт науқаны.
Еске
салайық, алдағы сайлау науқанына партиялық тізімдерді тіркеу 19 ақпанға
дейін жалғасады. Тиісінше үгіт-насихат жұмыстары саяси партиялар үшін 20 ақпаннан, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланатын үміткерлерге 6 наурыздан басталады. Ал жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт
жұмыстары 23 ақпаннан басталмақ. Сайлаудың өзі 20-21 наурыз күндері өтеді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ