Алматыда бірқатар жанармай құю станциялары АИ-92 бензинінің бағасын 105
теңгеге дейін түсірді. Бұл туралы Kolesa.kz сайты хабар таратты. Бұндай жағдай ресей рубльі бағамының өзгеруімен байланысты болуы мүмкін деп
жазады дереккөз. Бағаның түсуі өзге қалаларда да байқалған.
Мәселен "Отырар.kz" порталының дерегінше, Шымкентте АИ-92 маркалы
бензин 109-дан 107 теңгеге дейін төмендеді. Қызылордада дәл осы маркалы
жанармай 108 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, жуырда энергетика
вице-министрі Ұзақбай Қарабалин біздегі жанармай бағасы ресейлік нарыққа қарай
отырып, ай сайын реттелетінін айтқан болатын. Еске салсақ, Қазақстанда жанармай бағасы соңғы рет 2014 жылдың
желтоқсанында төмендеді.
Жұрағат БАМАН