Русский Сайттың толық нұсқасы

Париж халқы Франция билігінің қауіпсіздік шараларын күшейткеніне дән риза

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2015
  • 1335

Париж халқы Франция билігінің қауіпсіздік шараларын күшейткеніне дән риза. Бүгінде қаланың әрбір шетінде құқық қорғаушылар қаптап  жүр. Рейтерс агенттігінің мәліметінше, ел премьері Мануэль Вальс нысандарды күзетуге 122 мың полиция қызметкерін тартуды ұсынған.

Бұдан басқа Франция үкіметі терроризммен күреске үш жылға қосымша 425 миллион еуро бөлді. Қаржыландыру аясында мемлекеттің Әділет министрлігіне  де қомақты қаржы аударылмақ. Ал 60 миллион еуро радикалды исламшылдарды жоюға жұмсалады деп жоспарланған.

«Елдегі террорлық актілерден кейін көптеген адамдар сыртқа шығудан қорқатын. Мен де солардың қатарындамын. Полицейлердің әрбір көшеде тұрып, сақтық шараларын қадағалауы дұрыс»,- деп санаймын.

Жұрағат БАМАН