Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Академиялық драма театрында кезекті премьера

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2015
  • 1623

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Академиялық драма театрында кезекті премьера. Испан ханзадасының басынан кешкен оқиғалары туралы баяндайтын ерекше қойылым қазақстанда алғаш рет сахналанды.

Француз драматургі Дюмануар осы спектаклі арқылы бүкіл Еуропа жұртын театрға ынтық еткен. Енді белгілі режиссер Әубәкір Рахымов классикалық шығарманы талғамы жоғары театр сүйер қауымға ұсынып отыр. Дон Сезар де Базан әлсізге қорған боламын деп, бүкіл байлық пен биліктен айырылып ақыры түрмеге түседі.

Өмір жолында кербез биші Маритананы кездестіріп, онымен өткен махаббат хикаясы әсерлі бейнеленеді. Басты рөлді  жас актер, Дарын сыйлығының иегері Ғалым Оспанов сомдайды. 

Ғалым Оспанов, Дарын жастар сыйлығының иегері, актер:

Ақсүйек, испандық қызу қанды, жекпе-жекті қалап тұратын, қашанда ашық жарқын күліп жүретін, той думан, ойын-күлкі өлім жазасына кесіліп жатса да, мойымай қашан да,  қазіргі тілмен айтсақ батыл сері ғой. Бұл рөлді ойнау менің бағыма бұйырған екен соның нәтижесін көресіздер бәрі жақсы.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ