Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау мектебіндегі балалардың жаппай улану себебі анықталды

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2015
  • 1270

Атырау мектебіндегі балалардың жаппай улану себебі анықталды. Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушылардың бірі мектепте баллондағы газды шашқан. Оның өзі де көппен бірге уланып, ауруханаға түсіпті.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Жүргізілген жедел шара нәтижесінде мектепке газ балонын әкеп шашқан күдікті 2000 жылы туылған оқушы анықталды. Осы факті бойынша, ҚР жаңа Қылмыстық Кодексінің 293-ші «Бұзақылық» бабының 1 тармағымен іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеу-тексерумен № 1 қалалық ішкі істер бөлімі айналысуда.

Еске салайық, кеше түсте Атыраудағы Исатай Тайманов атындағы орта мектептің 20 оқушысы мен 1 жұмыскері белгісіз заттан уланып ауруханаға түскен болатын. Олардың  көпшілігі медициналық көмектен соң үйлеріне қайтарылған. Қазір аурухананың күндізгі стационарында 5 оқушы ем қабылдап жатқаны мәлім болды.

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ