Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясы королі Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Сауд дүниеден озды

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2015
  • 1884

Сауд Арабиясы королі Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Сауд  қайтыс болды. Жасы 90-нан асқан  басшы «өкпе дертінен» көз жұмған. Өткен айда король Эр-Риядтағы ауруханалардың біріне жатқызылған еді.

Абдалла Сауд Арабиясының алғашқы билеушісі Абдул-Әзиз екіншінің әулетінен шыққан. Мекке қаласының мэрі, ұлттық  гвардияның қолбасшысы, сондай-ақ, премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

1982 жылдан бастап тақ мұрагері атанып, 2005 жылы ағасы Фахд өлген соң таққа отырды. Абдалла король тұсында бірқатар демократиялық заңдар қабылданды. Мәселен, ол 700-дей адамнан тұратын  король әулетінің мемлекеттік қазынадан ақша жұмсауына тиым салды.

Енді король тағына Салман ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд отырады. Айта кетейік, корольдің өлімі жайлы хабар нарыққа да әсер етті. WTI маркалы мұнай құны барреліне бірден 47 долларға көтерілді - деп, Рейтерс агенттігі хабарлады.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА