Русский Сайттың толық нұсқасы

Ливияда қазынадағы жүздеген миллиард доллар содырлардың қолына түсті

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2015
  • 785

Ливияда қазынадағы жүздеген миллиард доллар содырлардың қолына түсті. Бұл туралы New York Times басылымы жазады. Жергілікті билік бағындыра алмаған содырлар, Бенгази қаласындағы Орталық банк бөлімін басып алды.

Банкте мұнай экспортынан түскен табыс пен 100 миллиард доллар көлемінде Ливияның валюта қоры сақталған. Жергілікті басылымдар Орталық банк үкімет билігін жүргізіп отырған елдегі жалғыз мемлекеттік инситут болғанын жазады.

Белгілі болғандай қаруланған содырлар отставкадағы генерал-майор Халиф Хафтарға бағынады. Негізі шабуыл сейсенбіде басталған. 2013 жылы Ливияның Орталық банкі соғыс басталған екі жыл ішінде валюта қоры 321 млдр. доллардан 113 млрд. долларға азайғанын мәлімдеген еді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА