Зарина
Дияс Австралия ашық чемпионатының үшінші кезеңінде сүрінді. Жекелей жарыста
Ресей спортшысы Мария Шараповамен кортқа шыққан отандасымыз екі сетте есе
жіберді. Бұдан бұрын Ярослава Шведова да жекелей жарыспен қош айтысты.
Жерлесіміздің алдын орап кеткен - Қытай спортшысы Шуай Пен. Спорт тақырыбын
Самат Қанағатов жалғастырады.
Футболдан
Австралия құрамасы Азия кубогының жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалда
Қытай командасын қабылдаған Анге Постекоглудың шәкірттері 2-0 есебімен басым
түсті. Кездесу басынан қонақтардың қақпасына қауіп бұлтын төндірген алаң иелері
ұрымтал сәттің бірінде есеп ашты. Әріптесінің пасынан кейін шеберлігімен көзге
түскен Кэйхилл командасын алға шығарды.
Бұл
кейін қанаттанған Жасыл құрлықтың өкілдері араға 15 минут салып есепті еселеді.
Әріптесінің сол қапталдан көтерген добына бірінші жеткен сол тағы Кэйхилл баспен
тура соққы жасап, есепті қорытындылады.
Келесі
ойында Оңтүстік Корея құрамасы Өзбекстан командасымен өзара мықтыны анықтады.
Шынын айту керек, бұл ойында ойын тізгінін толығымен қолдарына алған Жұпар исті
мемлекеттің аяқ доп шеберлері Мирджалол Қасымовтың тәлімгерлерін бас
көтертпеді. Осындай сәттердің бірінде екі мәрте Ли Чжон Хеп және бір рет Ли Гын
Хо 100 пайыздық гол соғатын мүмкіндікке ие болды. Бірақ бұл сәттерде жасындай
жарқыраған Өзбекстан құрамасының қақпашысы Нестеров қауіптің бетін қайтарып
отырды.
Негізгі
уақытта жеңімпаз анықталмағандықтан, ережеге сәйкес экстра тайм тағайындалды.
Бұл уақытта екі бірдей сәтті шабуыл ұйымдастырған Ули Штиликенің шәкірттері
жартылай финал жолдамасын ұтып алды. Екі жолы да мергендігімен танылған Сон Хын
Мин дубльдің авторы атанды.
Бүгін
енді Иран мен Ирак және Жапония мен БАӘ-нің командалары ширек финалда бақ сынап
көреді.
Самат ҚАНАҒАТОВ