Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда авиаотын 10%-ға арзандады

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2015
  • 866

Қазақстанда авиаотын арзандады. 12 қаңтардан бастап оның құны 10%-ға төмендеген. Алайда бұл билет бағасына әсер етпейді. Яғни әуе кемелерімен ұшудың құны арзандамай, бұрынғы қалпында қала бермек.

Бұл туралы біздің арнамызға «Air Аstana» әуе компаниясының өкілі Тілек Әбдірахманов хабарлады. Айтуынша, авиаотынның құны әуе билеті бағасының үштен бір бөлігін ғана құрайды. Компания өкілі жолаушылар тасымалына кететін қаржының өз өзін ақтамайтынына  тоқталды. Авиаотын бағасы  бірнеше ай бойына тұрақты тұрса ғана, тарифтерді қайта қарастыру мәселесі көтерілуі мүмкін дейді. Айта кетейік, елімізде авиаотынмен қатар жанармай бағасы да біршама төмендеді.

Тілек Әбдірахымов, «AIR АSTANA» әуе компаниясының өкілі:

Авиаотын әуе компаниясы шығынының тек 30% құрайды. Оның үстіне отын құнының арзандағанына бірнеше күн ғана өтті.  Әрі 10% дегеніңіз соншалықты көп те емес. Сондықтан авиакеросиннің төмендеген бағасы алдағы уақытта тұрақтанып тұрса ғана, компания тарифтерді қайта қарастырмақ. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА