«Ислам
мемлекеті» содырлары тұтқынға алған журналист Кэндзи Готоның анасы, Жапон
үкіметіне қойған ультиматум мерзімінің бітуіне бірер сағат қалғанда,
лаңкестерден баласын өлтірмеуді өтінді. «Ол ұлының «Ислам мемлекетіне» жау
еместігін айтып, жуырда ғана әке атанғанын ескеруді өтінді», - деп хабарлайды
Рейтерс.
Айта
кетейік, Ирак жеріндегі «Ислам мемлекеті» ұйымы содырларының Жапонияға берген
мұрсат мерзімі бүгін таң сәреде аяқталды. Еске салсақ, басқыншылар екі тұтқынды
жапон үкіметі 200 миллион доллар құн төленгеннен кейін ғана босататындықтарын
мәлімдеген.
Оқиғаға
орай Жапония үкіметі жедел түрде қауіпсіздік кеңесін өткізді. Ал қазір
Иорданияның Амман қаласында жүрген елдің сыртқы істер министрінің орынбасары
Ясухидэ Накаяма исламшылар тобымен келіссөздер жүргізуде.
Жұрағат БАМАН