Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-ның Қаратөбе ауданындағы мектеп-гимназия оқушылары тамақтан ұшынуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2015
  • 1698

Аяқасты ауруханадан шыққан Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданындағы мектеп-гимназия оқушылары тамақтан ұшынуы мүмкін. Мектеп аспазынан ауру анықталған. Бұл туралы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Мұхаммед Арыспаев хабарлады.

Күні кеше Қаратөбеде 11 мен 16 жас аралығындағы оқушылардың тамақтан уланды деген күдікпен ауруханаға түскенін хабарлаған едік. Департамент дерегінше, ұшынған балалар саны - 19. Бүгінде олардың оны ем алып шықты. Ал қалған тоғызы әлі де төрт күн дәрігерлер бақылауында болады. Дәрігерлердің айтуынша, қазір олар тәуір.

Осы оқиға ізімен Қаратөбе ауданына аттанып, мектеп оқушыларын тексерген бактериологтар, санитарлық дәрігерлер және инфекционистер тобы аурудың мектеп аспазынан жұққанын анықтапты. Қазір аспаз жұмыстан шеттетілген. Тексеру барысында жинақталған материалдар енді тергеу органдарына беріліп, осы оқиғаға кінәлі қызметкерлерді жауапкершілікке тарту мәселесі шешілмек.

Мұхаммед Арыспаев, БҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:

Сол мектеп-гимназиядағы үлкен-үлкен санитарлық-гигиеналық ережелер бұзылғаны анықталды. Аспазшыдан шыққан жаңағы стафилокок, екінші, жаңағы аспазшы дайындаған салат деп отырмыз. Осы екі фактор ауруға себеп болуы мүмкін деп қысқаша болжамымызды айтып отырмыз сіздерге. 

Еркін КАРИН