Индустриалды-инновациялық
даму бағдарламасының екінші бесжылдығында жобаларды тікелей қаржыландыру тоқтайды. Есесіне, бюджет қаражатының 80 пайызы жаңа
кәсіпорындардың ашылуына негіз болатын
макроэкономикалық жағдайды жақсартуға жұмсалмақ. Бұл туралы Инвестициялар және
даму вице-министрі Рахым Ошақбаев мәлімдеді. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер
палатасының индустриялы-инновациялық бағдарламаны жетілдіру мәселелеріне
арналған жиынында өзге де бірқатар маңызды тақырыптар сөз болды.
Рахым
Ошақбаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:
Бағдарлама
аясында "мемлекеттің жекелеген жобаларға құйған инвестициясы
ақталмады" деген мағынадағы сынды жиі естиміз. Яғни мемлекет
кәсіпорындарға қанша ақша салғанымен, белгілі-белгісіз себептермен кәсіпорын
толық қуатында жұмыс істемей жатады. Сондықтан өңдеуші кәсіпорындардың ашылуына
экономикалық негіз жасауға тиіспіз. Бюджет қаражатының да, күш жігердің де
басым бөлігін осы мақсатқа жұмсаймыз деп шештік.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ