Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарлық полицейлер жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 1309

Қызылжарлық полицейлер балаларға арналған автокреслолардың қажеттігі туралы көлік жүргізушілерінің арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. СҚО-ның ІІД-не сілтеме жасап:««Бала-басты жолаушы» акциясының аясында жол сақшылары көліктердің құжаттарын түгендеуге емес, ерікті түрде жол ережелерін түсіндіруге шақырады»,-деп жазады Қазақпарат.

Ережеге сай, 3 жасқа дейінгі балаға автокресло немесе автобесік қажет. 3 пен 12 жас аралығында қауіпсіздік белдігіне арнайы адаптер немесе арнайы қауіпсіздік жастығы керек. Ал егер де бала 12 толмағанмен, бітімі ірі, бойы 135 сантиметр салмағы 36 келіден асса, онда арнайы құралдардың қажеті жоқ екенін айтты.

Акция 7-ші ақпанға дейін жалғасады, одан кейін арнайы құралдары болмаған жүргізушілерге әкімшілік айыппұлдар салынады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ