Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдағы «Тобыл» футбол клубы қайырымдылық шарасына мұрындық болды

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 1245

Қостанайдағы «Тобыл» футбол клубы қайырымдылық шарасына мұрындық болды. Қаладағы сауда орталықтарының бірінде спортшылар киген жейделер аукционға түсті. Жиналған қаражат науқас балғындардың ем-домына жұмсалмақ.

Футбол клубы игі шараны төрт жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Бұл жолы сатылымға 15 шолақ жең жейде шығарылды. Аукционға қатысушы көпшілік аса белсенділік танытып, алғашқы сәттен-ақ, сары-жасыл түсті футболкаларды сатып ала бастады.

Ең қымбат бағаға Виталий Волковтың киімі өтіп кетті. 11 деген жазуы бар формаға қызыққандар көп болды. Алайда аукционның соңғы бағамы 10 мың теңгеге тоқталды. Қайырымдылық аукционының нәтижесінде жетпіс мың теңгеден астам қаражат жиналған.

Константин  Должанский, «Тобыл» футбол клубының баспасөз хатшысы:

Бұл - «Тобыл» футболы клубының төртінші рет ұйымдастырып отырған қайырымдылық шарасы. Түскен қаражат науқас балғындардың ем-домына жұмсалады. Басты мақсатымыз-футбол ойыншылары тек спорт қана емес, әлеуметтік салаға да түсті қарамайтындығын көрсету.

Мұрат  Ересеев «Тобыл» футбол клубының жанкүйері:


Тобылдың жанкүйерімін. 14 жыл болды. Сырқат балаға көмектескім келді. Сондықтан да ақшаны осы футболканы алуға жібердім.

Заңғар САНАЙ