Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰҚК шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты алғашқы сот отырысы басталды

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 818

Бүгін Астанада ҰҚК Шекара қызметінің  экс-басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Сот процессі барысында 6 куәгердің біреуі түске дейін тыңдалды. Шекара қызметінің бұрынғы басшысы сотта өзінің кінәсіз екенін айтты.

«Кінәмді мойындамаймын. Бұл саяси тапсырыс»,-деді Жоламанов. Жоламановқа қатысты істі әскери соттың төрағасы Ербол Ахметжанов қарап жатыр. Бұған дейін Жоламановтың қорғаушысы оны кепілдікке босатуды немесе жазасын үй қамаққа ауыстыруды өтінген.

Алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырмаған болатын. Еске салайық, Нұрлан Жоламановқа аса ірі көлемде пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оны өзі басқарып келді деген айыптар тағылды.

Ол өткен жылдың 27 қазанында ұсталған еді. Тергеу амалдары 2 айға созылды. Бұған дейін Нұрлан Жоламанов Қарулы Күштердің құрлықтағы әскерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері басқармасының бастығы, Қарулы Күштер Жоғарғы шекара командалық училищесінің бастығы, Бас штаб бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

Жұрағат БАМАН