Русский Сайттың толық нұсқасы

ТҚЖБ баспаналы болғысы келетін клиенттеріне жаңа бағдарлама ұсынды

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2016
  • 1742

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына «Өз үйім» жаңа бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Ал аталған бағдарлама бойынша азаматтардың екі жыл бойына тұрақты тұрғылықты жерде болуы міндетті емес. Банк төрағасының орынбасары Қайрат Алтынбеков Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осылай деп хабарлады.

Оның айтуынша, «Өз үйім» бағдарламасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына балама ретінде жасалған. Айырмашылығы сол, «Өз үйім» бағдарламасына кез-келген жастағы, басында баспанасы жоқ адам қатыса алады. Ол 2022 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Құрылыс компаниясы мен тұрғын үйдің жобасын салымшылар ашық дауыс беру арқылы өздері таңдауға мүмкіндігі бар. Қазір осы мақсатта тиісті орындармен келіссөздер басталып кеткен. Банк басшылары, «сатылымға түсетін шаршы метрлер құны 180 мың теңгеден аспайды», деп отыр.

Қайрат Алтынбеков, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Біздің клиенттеріміз өз ақшаларын, жинақтарын теңгемен сақтайды. Сол уақыт бір деңгей өткеннен кейін біздің банк міндет түрінде клиентке теңгемен аз пайызбен 3,5-5 пайыздың арасында оған несие береді. Содан кейін біздің клиенттеріміз ешқандай девальвацияға, қиын жағдайларға ұрынбайды. Өйткені біздің клиенттеріміз қалай теңгемен алады, солай теңгемен қайтарады.

Биыл банк «Өз үйім» бағдарламасы бойынша 350 мың шаршы метр тұрғын үй салуды көздеп отыр. Бағдарламаны банк  қаржыландырады. Қайрат Алтынбековтің ақпаратына сай, жаңа бағдарлама 2016 жылдың екінші тоқсанынан жұмысын бастамақ. 

Самат ҚАНАҒАТОВ