Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда жемқорлыққа жол берген экс-шенеуніктер жазаға кесілді

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 756

Қостанайда жемқорлыққа жол берген экс-шенеуніктер жазаға кесілді. Мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау департаментінің бұрынғы жетекшісі Александр Ен бастаған ұйымдасқан топқа қатысты сот үкімі шықты.

Деректерге қарағанда, лауазымды тұлғалар, жеке кәсіпкерлікке кедергі келтірген. Құрылыс нысандарына берілетін рұқсат құжаттар мен лицензия үшін қомақты көлемде пара алған. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың  шешімімен бөлім басшысы қызметін атқарған Қайрат Қасенев 7 жылға бас бостандығынан айрылды.

Оның орынбасары мен бас маман 1 жыл жазаға кесілді. Ал, қызмет бабын  асыра пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрған департамент басшысы ең ұзақ мерзімге сотталып, дүние-мүлкі тәркіленді.

Сондай-ақ  олар 7 жылға дейін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылды. Еске салайық, осы атышулы іске қатысы  бар деп айыпталған  Гүлфарида Тайырбергенова өткен жылы өзі тұратын үйдің жоғарғы  қабатынан секіріп, мерт болды. 

Асылбек Жұмағұлов, Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: 

Соттың түпкілікті тағайындаған шешімімен Александр Ен 9 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Қылмыстық кодекстің 41-ші  бабын қолдану  арқылы 7 жылға дейін  мемлекеттік қызмет атқару құғынан айрылды.

Заңғар САНАЙ