Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда табельді қаруды жоғалтқан полицей жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 1106

Атырауда табельді қаруды жоғалтқан полицей жауапқа тартылды. Бұл туралы  облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай Ғалиев хабарлады. Полицейге қатысты іс Қылмыстық кодекстің 316-бабымен, «қызметтегі селқостық үшін» қозғалған.

Тапаншасын дәретханада ұмыт қалдырған айыпталушының бірі өз кінәсін толығымен мойындады. Қаруы қылмыскердің қолына түскен тағы бір полицейге қатысты сот үкім шығарды. Ол 2 жыл шартты мерзімге кесілді.

Баспасөз қызметі жетекшісінің айтуынша, сот оның өз кінәсін мойындағанын және 4 баласы барын ескерген. Оқиға 2014 жылдың қыркүйек айында болды. Түнгі кезекшілікте  жүрген полиция батальонының бөлімше командирі Сырлыбек Көпебаев көлігіндегі 8 патроны бар тапаншасын кімнің алып кеткенін аңғармаған.

Жоғалған қару мас күйінде ұсталған  атыраулық азаматтан тәркіленді.

Боранбай Ғалиев, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

№2 Атырау қалалық соты жол потрулдік полиция батальонының бөлімше командирі  Сырлыбек Көпебаевты ҚР ҚК 316 бабының 2 бөлімімен, яғни қызметіне салғырт қарағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге құқық қорғау оргғандарынан қызмет атқару құқынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыстық кодекстің  63 бабын қолданыла отыра, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жылға сынақ мерзімін белгіледі.

Айгүл ӘДЕПБАЙ