Русский Сайттың толық нұсқасы

Валютаның жетіспеушілігінен Иран долларға балама іздеуге мәжбүр халде

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 862

Иран -  долларға балама іздеуге мәжбүр. Оған валютаның жетіспеушілігі себеп болды. Мұны ирандық «ТаснИм» агенттігіне - елдегі Орталық банк төрағасының орынбасары  мәлімдеді. Оның сөзінше, санкциялардың әсерінен  Ислам Республикасы бірнеше мемлекеттермен екіжақты валюталық келісімдер жасаспақшы.

Банк басшысының орынбасары келіссөздердің жақын арада басталатынын атап өтті. Мұның алдында Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекчи:«Тегеран мен Анкара жақында ұлттық валютаны екіжақты саудада пайдалануды бастайды»,- деген болатын.

Иранның қаржы кеңесшісі Рокки Ансари:«Иранның басты тасымалдау бағыты -Азия»,-деп есептейді. Сондықтан мұндай қадамға бару өте орынды. Бұл-мұнай бағасы төмендеп әрі елдің валюта қоры таусылуға жақын тұрғанда сауданы жеңілдетеді.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА