Оңтүстік
Қазақстанда билік өкілдері ерекше қорғалатын табиғи парктерді кәсіпкерлерге
беруді көздеп отыр. Мақсат - экологиялық
туризмді жандандыру, - дейді салаға жауаптылар. Кәсіпкерлерге «Сайрам-Өгем»
мемлекеттік ұлттық паркі мен «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінен уақытша пайдалануға
жер берілмек.
Жалға алушылар ол жерге туристік нысандар салуы тиіс. Қонақ үйлер
мен коттедждер құрылысын салу үшін, жер телімін ұзақ мерзімге, яғни 49 жылға
дейін жалға беру қарастырылған. Ал шағын құрылысқа, нақтырақ айтсақ, тамақтану
орны немесе биоәжетханалар салушылар жерді 5 жылға дейін жалға ала алады. 1 гектардың
жалдау ақысы жылына 1,5 мың мен 3 мың теңге аралығында болады деп отыр.
Перизат
Қонысбаева, ОҚО
кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы бөлім
басшысы:
Бұларға
ең бірінші қойылатын талап ол жерлерді берген кезінде ұлттық парктің, өңірлік
парктің бас жоспарына сәйкес салыну керек. Яғни бұл парктерде 5-10 қабатты
зәулім үйлер емес, әрі кетсе, 2 қабатты ағаштан салынатын сияқты, яғни табиғатқа
жақын, экологияны бұзбайтын материалдарды қолдана отырып туристік аймақтарды
құру қажет.
Жер
алуға үміткерлер ақпан айынан бастап тендерге қатыса алады. Шенеуніктердің
айтуынша, кәсіпкерлер арасында бизнес-жобалары үздік деп танылғандары ғана
жерді жалға ала алады. Билік өкілдері
облыстың әсем табиғаты, туризмді дамытуға үлес қосарына сенеді.
Мақсат Елемесов, ҚР АШМ орман
және аңшылық шаруашылығы комитетінің басқарма басшысы:
Табиғатымыздың
сұлулығы ешбір елден кем түспейді. Жағдай жасалса, шетелдік туристер ғана емес, өзіміздің отандық демалушылар да сыртқа кетпейді. Демек, қаржы да өз елімізде
қалады деген сөз. Туризмді жандандыруға кез-келген кәсіпкер қатыса алады.
Тендер алдағы ақпан айында жарияланатын болады. Талаптардың бірі ол энергия
көзінің баламалы түрін қолдану.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ