Русский Сайттың толық нұсқасы

Көптеген өскемендіктер 35 градус аязға қарамастан Татьяна күнінде бас қосты

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 1343

Демалыс күндері жастар қауымы Татьяна күнін атап өтті. Бұл кішігірім мереке 1755 жылдан бастау алады. Сол жылы  Мәскеу университетін құру жөніндегі бұйрыққа қол қойылған. Ал уақыт өте келе,  25 қаңтар студенттер мен оқу ордасының ұстаздары үшін  мереке ретінде тойланатын болды.

Бұл әсіресе 2005 жылдан бері қайта жандануда. Бір қызығы, бұл күнді тек студенттер ғана емес, бұрынғы түлектер де тойлайды. Биыл көптеген өскемендіктер 35 градус аязға қарамастан Татьяна күнінде бас қосты.

Бір кездері студент болған дәрігер, мұғалім, инженер, кәсіпкер - барлығы да осында. Мәре-сәре болған жандар жастық шағын еске алды. Олар бастан кешкен қызықты оқиғалар кино желісіне арқау болардай.

Өскемендегі жол құрылыс институты түлектерінің айтуынша, 1972 жылы 25 қаңтарда оқу ордасына әйгілі әнші Владимир Высоцкий келген. Концертті тамашалаушылар қатары сол күні көп болғанын айтады. Билетсіз қалғандардың қалай айласын асырғанын да сағынышпен еске алды.

Татьяна Цветкова:

Билет саны шектеулі болатын. Сондықтан үлкен тартыс болған. Ақыры қолында билеті барлар концертке кіре алмай, есік сыртында қалып қойды. Кеш керемет өтті. Өйткені әнші әнді жүрегімен айтатын. Концерттен кейін жатақханаға барып, магнитофонға жазып алған таспаларымызды қайта-қайта айналдыратынбыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА