Русский Сайттың толық нұсқасы

Миллиардер Дональд Трамп АҚШ-та 2016 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниетті

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 1016

Американың келесі президенті Дональд Трамп болуы мүмкін. Миллиардер 2016 жылы өтетін сайлауға қатысуға ниетті. Трамп өзін «АҚШ-қа бұрынғы айбынын қайтара алатын жалғыз адаммын» деп есептейді. Бұл ақпарды The Independent жариялады. Егер миллиардер президент тағына отырса, Иранда ядролық қару жасауды тоқтатып, «Ирак пен Левант Ислам мемлекеттерімен» қақтығыста жеңіске жетемін деп отыр. Бюджет тапшылығын қысқартып, жұмыссыздық мәселесін шешеріне сенімді.

Трампқа Хиллари Клинтон, Джеб Буш және Митт Ромни бәсекелес болуы мүмкін. Алайда, Трамптың ойынша, Буштың да, Ромнидың да жеңіп шығуға мүмкіндігі жоқ. Бірақ бизнесмен АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысының кандидатурасына қатысты пікір білдірмеді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ