Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясы мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан қара алтын өндірісін қысқартпақ емес

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2015
  • 1088

Сауд Арабиясы әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан қара алтын өндірісін қысқартпақ емес. Алайда бағаның құлдырауы ел бюджетін тығырыққа тіреуі де мүмкін деп жазады The New York Times.

Халықаралық валюта қорының бағалауынша, 2015 жылы Сауд Арабиясы мен оның Парсы шығанағындағы серіктестерінің табысы 300 млрд. долларға кемуі мүмкін. Егер болжам шындыққа айналса, мемлекет билігі ОПЕК мүшелерін алған бағытын өзгертуге көндіре алуы екіталай.

Халық арасында 79 жастағы жаңа корольдің денсаулығы нашар екендігі жайлы түрлі әңгіме өрбуде. Ал королдік отбасының жас буыны мұнайдың бүгінгі төмен бағасына қарсы. Көптеген сарапшылар жағдайдың өзгере қоярына күмәнмен қарайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ