Мұнай
бағасы әлі бірнеше жыл бойы қазіргі деңгейінде сақталады. Бұл туралы АҚШ-тың
вице-президенті Джозеф Байден айтты. Ол мұны Кариб бассейні елдерінің
энергетикалық саммитінде атап өтті,- деп хабарлайды Reuters.
Бүгінде Brent маркалы мұнайдың баррелі 48 долларды құрады.
Дегенмен мұнай экспорттаушы елдер ұйымының бас хатшысы Абдалла әл-Бадридің
пікірі бұған мүлдем кереғар. ОПЕК жетекшісінің айтуынша, «қара алтынның» бағасы
көтеріліп, барелі үшін 200 долларға жетуі мүмкін.
Ал Сауд Арабиясының жаңа
королі тұсында Эр Риядтың мұнай саясатының келешегі қандай болмақ деген сауалға
Әл-Бадри:«бұл ел тұрақты Үкіметі бар ел»,-деп жауап берді. Осылайша мұнай
өндірісінің көлемі кемімейтінін аңғартты.
Айгүл ӘДЕПБАЙ