Атқарушы биліктің жолдауда
белгіленген міндеттерді іске асыруын «Нұр Отан» партиясы қатаң бақылауы тиіс. Президент
Нұрсұлтан Назарбаев осыны қадап тапсырды. Бүгін Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары
Бауыржан Байбекті қабылдады. Ол Мемлекет басшысына партия қызметін жетілдіру
жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев: «Инфрақұрылымды сапалы дамыту, жұмыс
орындарын құру, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету
«Нұрлы жол» бағдарламасының міндеттеріне кіретінін», - айтты. «Және жолдаудағы
жобалар төңірегінде кәсіпкерлік жандануы тиіс»,- деді. Партияның жер жердегі бөлімдері
мұны халыққа түсіндірумен шектелмей, атқарушы биліктің жұмысын да бақылауға алу
керектігіне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті:
Насихаттау деген - құр
әшейін айта беру емес, қалай орындалып жатыр сол жерде. Атқарушы қызмет
органдар не істеп жатыр?Соны жасау үшін. Осыған бүкіл партия көңіл аударсын.
Саяси жағдайлар өз алдына,
әрине. Экономиканы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін, жұмыс істеу қажет.
Бауыржан Байбек, «Нұр
Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Бар партия мүшелері саяси
кеңесте болған сіздің жолдауыңызды үлкен жауапкершілік ретінде қабылдады. Бір
адам ретінде біздің партияластарымыз үлкен күш салады деп сендіремін сізді.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ