Сондай-ақ
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр
Винокуровты қабылдады. Кездесу барысында Олимпида чемпионы Мемлекет басшысына
былтыр «Тур де Франс» велобәйгесінде жеңіске жеткен «Астана» велокомандасының
кеудешесін тарту етті.
Одан
әрі велокоманданың қазіргі міндеттері, велосипед спортының даму көрсеткіші
талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда велоспортты кеңінен таныту үшін
қажетті жағдай жасалып жатқанын айтты. «Астанада мүмкіндігі жағынан ең үздік
саналатын «Сарыарқа» республикалық велотрегі салынды. Жоғары нәтижелер көрсетіп
жүрген кәсіби велокоманда құрылды», - деді
Президент. Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақты велосипед спортына
баулудың маңыздылығын атап өтті.
Александр Винокуров команданың табыстарына
тоқталды. Велосипедшілердің халықаралық одағының бастамасымен өтетін «Тур
Алматы» жарысына деген қызығушылықтың өсіп келе жатқанын айтты.
Мөлдір
БАҚЫТ-ҚЫЗЫ