Русский Сайттың толық нұсқасы

Францияда лаңкестерге қарсы операция кезінде төрт адам тұтқындалды

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2015
  • 739

Францияда лаңкестерге қарсы операция кезінде төрт адам тұтқындалды. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, операция елдің оңтүстігіндегі Люнель қаласында жүргізілді. Дәл сол өңірдің он тумасы Сирияға барып, әсіре, исламшылдар қатарында соғысқанын жергілікті ақпарат құралдары жарыса жазған.

Агенттіктің хабарлауынша, ұсталғандардың екеуі жуырда Сириядан оралған. Олар содырлар жасақтары қатарында әскери жаттығуларға қатысқан «Midi Libre» басылымы операцияны Франция полициясының арнайы жасағы өткізгенін жазды.

«Charlie Hebdo» (Шарли Эбдо) журналының редакциясына жасалған шабуылдан кейін Францияда қауіпсіздік күшейген болатын. Сол уақытта үш күнде 17 адам қаза тапты. Олардың үшеуі полиция қызметкерлері.

Айгүл ӘДЕПБАЙ