Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысындағы әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларға 930 млн. доллардан астам инвестиция салған

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2015
  • 1103

Мұнайдың әлемдік бағасының түсуі «Теңізшевроил» кәсіпорнының әлеуметтік жобаларға бөлетін қаржысына әсер етпейді. Бұл туралы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының өткен жылғы жұмысын қорытындылаған жиында үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев айтты.

Рзабек Артығалиев, «Теңізшевроил» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері:

Мұнайдың бағасы арзандап жатқаны ол бәрібір елде барлығында бюджетке әсері бар. Бірақ шынын айту керек, біздің қазіргі уақытта бюджетте қарап жатқан өзіміздің «Игілік» бағдарламамыздың, осы бүгінгі айтқан инвестициялық жобаларға арналған бағдарламада қысқартуды қарап жатқан жоқпыз, шынымен айту керек. «Игіліктікі» 25 млн. болса, инвестициялық бағдарламалардікі 1 млн. доллардың үстінде, сонымен қалады.

Бас менеджердің айтуынша, кәсіпорын құрылған күннен бастап, Атырау облысындағы әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларға 930 млн. доллардан астам инвестиция салған. «Жобалар денсаулық сақтау, білім беру, экология, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған»-деді.

Соңғы жылдары кәсіпорын жобасына ат салысқысы келетін үіметтік емес ұйымдар саны артуда. Тек биыл 50 жоба түскен, соның алтауы ғана қолдау тапты.

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ