Русский Сайттың толық нұсқасы

Машина жасау саласында еліміз Украинамен бірлесе отырып, ірі жобаларды іске асыруға кірісті

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2015
  • 1161

Машина жасау саласында еліміз Украинамен бірлесе отырып, ірі жобаларды іске асыруға кірісті. Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді. «Елдегі қиын жағдайға қарамастан, Украина тарабы Қазақстанмен арадағы экономикалық байланысты үзген жоқ», - дейді вице-министр. 

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

Біздің министрлік пен Украина арасында машина жасау саласы бойынша бірлескен 15 жоба қаралып жатыр. Мен өз басым қазір сол жобаларды үйлестірушімін. Облыстардағы көлік құрастыру кәсіпорындарына ұсыныстар жіберіп, серіктестер қарап жатырмыз.

Бүгін Мәжілісте Кеден одағына мүше емес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы келісім ратификацияланды. Құжат ТМД елдері өнімдерінің Кеден одағы аумағына шығуын жеңілдетеді. Әрі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Яғни Украина сияқты елдермен кейбір тауар түрлері бойынша алыс-беріс орнатуға жол ашады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ