Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғарғы сот судьясы да Мақсат Үсенов жазадан оңай сытылып кетті деп есептейді

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2015
  • 1385

Жоғарғы сот судьясы да Мақсат Үсенов жазадан оңай сытылып кетті деп есептейді. Жоғары сот судьясы Моряк Шегенов қоғамда резонанс тудырған Мақсат Үсеновтың ісі бойынша азаматтық позициясын аңғартты. Ол да «Үсенов жазадан оңай сытылып кетті» деген ойда. Күдікті жәбірленуші тараппен татуласып, бітімгершілікке келген соң, соттың қолы қысқа болғанын айтады.

Қылмыстық жауапкершілікті ізгілендіру мақсатымен, 1 қаңтардан бастап Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілді. Аталған жаңа заңда тараптардың татуласуы қарастырылмаған. Еске салайық, қымбат көлікті тізгіндеген Үсенов екі бірдей жол апатына себепкер болды. Оның бірінде жол жиегіндегі 6 жүргіншіні қағып кетіп, олардың біреуі сол жерде жан тәсілім етті.

Моряк Шегенов, ҚР Жоғарғы соты судьясы:

Мен халықтың уәжін түсінемін. Десе де, 1 қаңтардан бастап, біз жаңа Қылмыстық кодекс бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Онда тараптардың татуласуы қарастырылмаған. Үсеновке қатысты әкімшілік өндіріс аясында ең қатал шаралар қолданылғанын да айта кету керек. Ол үш мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА