Русский Сайттың толық нұсқасы

Балалы әйелді қағып кеткен павлодарлық тұрғын тек әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2015
  • 1222

Балалы әйелді қағып кеткен павлодарлық тұрғын қылмыстық жазадан құтылды. Облыстық ішкі істер департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, тараптар өзара келісіп, ортақ мәмілеге келген. Соның нәтижесінде, жол-көлік оқиғасына кінәлі 42 жастағы азаматша тек қана әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Жәбірленушінің өтініші бойынша бұл қылмыстық іс тоқтатылды. Бірақ жүргізушінің үстінен екі әкімшілік іс қозғалмақ. Оқиға орнынан кетіп қалу және жаяу жүргіншіні арнайы жолақтан өткізбеу баптары. Алғашқысы бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Екінші - 1 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айрылуы мүмкін.

Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы қаңтардың 21-інде орын алды. Кутузов-Қайырбаев қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан арба сүйреткен әйелді тротуардан кездейсоқ түскен шетелдік көлік қағып кетті. Жәбірленушілерге көмек көрсетудің орнына жүргізуші жылдамдыққа басып, ізін суытты. Абырой болғанда, анасы да, арбадағы алты айлық сәби де аман. Дегенмен, алған жарақаттарына байланысты әйел адам ауруханаға жатқызылған болатын.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ