Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодақ Брюссельде Мәскеуге қосымша санкциялар енгізу жайын қарамақ

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2015
  • 867

Мұнай бағасының құлдырауы мен түрлі санкциялар салдарынан Ресей 200 миллиард доллар шығынға батты. Бұл туралы Ресей қаржы министрі Антон Силуановтың ақпарына сілтеме жасап, «Интерфакс» мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мұнай бағасының төмендеуі ең алдымен рубльдің құнсыздануына, инфляцияның еселене түсуіне әкеп соққан. Силуанов, бүгінде инфляцияның жылдық көрсеткіші 12,5 пайызға жеткенін, айтты. Ол бұл жағдайдың ұзаққа созылуы ықтимал екенін де жасырмады.

Ал ертең Еуропалық одақ елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде бас қоспақ. Онда Мәскеуге қатысты қосымша санкциялар енгізу жайы қаралады. Еуроодақтың бұл әрекеті Грекияның жаңа премьер-министрі Алексис Ципрасқа ұнамаған сыңайлы. Ол салынатын санкцияларға емес, ресми Афинаның пікірімен ешкімнің санаспағанына наразы.

Жұрағат БАМАН