Малайзия
билігі өткен жылы 8 наурызда жоғалып кеткен МH-370 рейсінің апатқа ұшырағанын
ресми түрде жариялады. Бұл туралы Малайзия азаматтық авиациясы басқармасы
бастығы Ажхаррудин Рахман тікелей эфирде халыққа жеткізді.
Ол: «Ел үкіметі
атынан «Малайзия әуе жолдарына» тиесілі МН-370 рейсінің апатқа ұшырағанын,
бортта болған 239 жолаушы мен экипаж мүшелері түгел қаза болғанын қайғыра
жеткіземіз»,- деді.
Еске
салайық, Куала Лумпурден Бейжіңге бет алған Malaysia Airlines компаниясының
ұшағы Оңтүстік Қытай теңізі, яғни Вьетнам елі аумағында радардан жоғалып
кеткен-ді. Ұшақ сынықтарын, не апаттың басқа да айғақтарын табу жұмыстары
нәтижесіз аяқталды.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ