Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде жас айтыскерлер сайысы өтті

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2015
  • 2076

Өскеменде жас ақындар сайысы өтті. Бақ сынамаққа бел байлаған 12 қатысушы да - мектеп қабырғасында өткен айтыстарда топ жарған талант иелері. Олар Қазақ хандығының тарихын жырға қосты. Биыл елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы кеңінен аталып өтілмек.

Жас ақындар жыр бәсекесіне мықтап дайындалған. Күні-түні ізденіп, тарихи және әдеби материалдарды бас алмай, оқығандарын айтады. Үстіндегі киімдері де тақырыпқа сай. Бір-біріне қарсы ұтымды сөз тауып, ұшқыр ойларын жеткізе білген өнерпаздарға жиналғандар дән риза. Негізгі тақарыппен қатар, жас айтыскерлер мемлекетіміздің жетістіктері мен халықтар достығын да жырға қосты.

Жас ақындар бұл өнер түрін енді меңгере бастағанына қарамастан, қазылар алқасының көңілінен шыға білді. Айтыс тыңдауға келген қауымды олар білімдерінің тереңдігімен де қуантты.

Фархад Сабиев, балалар өнер мектебінің директоры, Өскемен:

Негізгі мақсатымыз - Қазақстан хандығының 550 жылдығына арналады, «Тарихым менің – тамырым» атты Жәнібек пен Керейден бастау алған Қазақ хандығының құрылғанына. Осы балаларды тарихты білу, дәстүрін білуге ұйымдастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда 12 бала тапсырыс беріп отыр. 5 сынып пен 11 сынып аралығында. Жыл сайын дәстүрлі түрде осы ақындар айтысын ұйымдастырып тұрамыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА