Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауда майданы өршісе, Лукашенко Беларусияның ЕАЭО-дан шығатынын жоққа шығармады

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2015
  • 931

Еуразиялық экономикалық одақта сауда соғысы болмауы тиіс. Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко бұқаралық ақпарат құралы өкілдерімен болған ашық сұхбатында мәлімдеді.

Оның өз сөзін, сөзбе-сөз келтірсек: «Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы құжаттарға қол қойғаннан кейін, мәселе туындамауы тиіс. Өйткені, барлық елдердің ортақ «кеңестік өткені» бар. Бұл дәйекті пайдалану керек»,-дейді Беларусь басшысы.

Сондай-ақ, Лукашенко Беларуссияның Еуразиялық Экономикалық Одақтан шығуын да жоққа шығармады. Президент Ресеймен сауда соғысы жалғасқан жағдайда, ең соңғы шара осы болатынын ескертті.

Еске салайық, еуропалық тауарларды кері экспорттады деген күдікпен Мәскеу Беларуссиядан тауар тасмалдауды шектеген болатын. Минск бұл шектеулер Еуразиялық Экономикалық Одақ талабын бұзу, деп есептейді.

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ