Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында жол-көлік апатынан 15 адам қаза болды

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2015
  • 1129

Жамбыл облысында ірі жол-көлік апаты болды. Мойынқұм ауданында Газель автокөлігі мен шағын автобус соқтығысып, 15 адам қаза болды. Тенгриньюс порталы дерегінше, оқыс оқиға Алматы-Екатеринбург тас жолында жексенбі күні болған. Бішкектен, Солтүстік Қазақстан облысын бетке алған шағын автобуста 18 жолаушы болған және олардың барлығы Қырғызстан азаматтары болуы мүмкін. Оқиға орнынан табылған 14 мәйіт апат орын алысымен өрт шыққан,- деген болжамға негіз болып отыр.

Апат құрбандары негізінен шағын автобус жолаушылары, сондай-ақ, Газель жүргізушісі де бар. Қазір 7 қырғызстандықтың денесі танылыпты. Тағы 5 жолаушы жақын маңдағы ауруханаға түрлі жарақатпен жеткізілген. 

Тоғжан ОСПАНБАЕВА