Полицейлер
тергеу амалдарынан алыстатылуы мүмкін. Бұл туралы біздің арнамызға Бас
прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді. Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің соңғы редакциясына жаңалық енбеген. Алайда отандық заңнаманы
еуропалық модельге жеткізу үшін, түзетулер жасалуы мүмкін. Ол үшін елімізде іс
жүргізуші прокурорлар институты құрылып, тергеу құзыреті солардың қолына
өтпек.
Иоган
Меркель, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:
Тергеушілер
мен прокурорлар түрлі әскери форма кигенімен, атқарып жүрген істері бір. Сотқа
мемлекеттік айыптаушы ретінде прокурорлар тартылғандықтан, істің тергеуін де
өздері жүргізсе, ұтымды болады. Қылмыстық іс материалдарын да жақсы біліп, өз
позициясын берік ұстанады. Бүгінгі жүйеде тергушілер артық буын болып отыр.
Ішкі
істер министрінің 2014 жылы келтірген ресми деректеріне сәйкес, сол кезде
елімізде бір мың тергеуші мен мың қылмыстық анықтаушы болған. Иоган Меркельдің
сөзінше, жаңа тәртіпті Қылмыстық кодекстің соңғы редакциясына енгізуге кейбір
мемлекеттік орган өкілдері қарсылық танытқан.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ