Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда сотталған 7 қазақстандық азамат елге оралатын болды

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2016
  • 2019

20 жасында есірткі тасыды деп айыпталып, Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін. Мұнан бөлек Аспан асты елінде сотталған тағы 7 отандасымыз ақпанда Қазақстанға экстрадицияланатын болды. Бұл туралы Сенат қабырғасында Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель айтты. Оның сөзінше, елге оралатындардың алтауы есірткі тасу дерегімен, ал біреуі адам өліміне себепкер болғаны үшін бас бостандығынан айырылған.

Жалпы Қытайда 24 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Ал Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі әлі шешімін таппаған. Өйткені оған кесілген сот үкімі әлі күшіне енбеген көрінеді. Оның үстіне сотталған қыз Қазақстанға қайтаруды сұрап өтініш жазуы керек, деп түсіндірді Меркель. Сонда ғана бойжеткенді елге алдыру мүмкіндігі тумақ. 

Иоганн Меркель, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:

Оған кесілген сот үкімі күшіне еніп, ол арыз жазса, біз оны Қазақстанға алдыра аламыз. Бірақ елде берілетін жаза Қытайда кесілген үкімнен жеңіл болмауы керек. Яғни ол жақта өмір бойына бас бостандығынан айырылса, ал біз одан жеңіл жаза тағайындайтын болсақ, бермей қоюы мүмкін. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ